Ақтөбе облысының экс-әкімі қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Ол лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

facebook/Ермек Имантаев

Ақтөбенің мамандандырылған тергеу соты өңірдің бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

"Ақтөбенің мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы шешімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі «Лауазымдық өкілетін асыра пайдалану» бойынша қылмыс жасады деген күдікті И.-ға қатысты 2023 жылғы 8 сәуірге дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысы әкімі қызметін атқарды.