Рудныйдағы ұн тарту кәсіпорнында төрт адам қаза тапты

Nur-Altay Umirzak

Жұмысшылар ұн бункерінен шығып үлгере алмай қалған

Фото: instagram.com/iagorodkz

 

Қостанай облысындағы ұн тарту кәсіпорнында төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Рудныйда болған. Жұмысшылар ұн комбинатындағы бункерде тазалау кезінде төтенше жағдай болып, жұмысшылар қаза тапты.

Төрт жұмысшы бункерге түсіп, қайта шыға алмаған. Бункердің тереңдігі бес метр болған. Оқиға туралы бірден 112 жедел нөміріне хабарланған.

"Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері дереу келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден шығарды. Жедел медициналық қызмет қызметкерлері өлім дерегі туралы хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.