Тыңайтқышты өндіріске шығару жоспарланып отыр
Отандық жас ғалым топырақтың құнарлылығы мен өнімділігін арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғылыми зерттеу департаментінің ғылыми қызметкері, PhD доктор Бақыт Смайлов өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ауыл шаруашылығы саласында топырақ құнарлығын арттыратын тыңайтқыш алу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – делінген университет ақпаратында.
Алдағы уақытта ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқышты өндіріске шығару жоспарланып отыр.