Бас прокуратура Telegram арналарға тексеріс жүргізеді

Nur-Altay Umirzak

Telegram арналардың әкімшілері мен қатысушыларына қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Techcrunch.com

Бас прокуратура Қазақстандағы Telegram арналарға тексеріс жіргізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке байланысты бірнеше Telegram арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі. Бас прокурор осылай деп мәлім етті.  

«Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым», – деп жазды Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік желілерде осындай белгілердің бар-жоғы тексеріледі.