Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 30 мыңға жуықтады

Qaz365.kz редакциясы

Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардан 147 934 азамат өзге провинцияларға эвакуацияланды

фото: ашық дереккөзден

Түркиядағы жойқын табиғат апатынан көз жұмғандар саны 30 мыңға жуықтады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«29 605 адам қаза болды деп саналып отыр. Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардан 147 934 азамат өзге провинцияларға эвакуацияланды», делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді.

Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түркияның кейбір аудандарында құтқарушылар іздестіру жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.