Оның құрылыстан өзге ешқандай амбициясы жоқ
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мемлекеттік қызметтен кеткен соң, құрылысқа барғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бұл жайында бүгінгі Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беру барысында айтты.
" Мен достарыма кейде мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін құрылыспен айналысатынымды айтамын. Өз қызметімді аяқтаған соң осы саладағы бұрынғы тәжірибемді пайдаланып жұмыс істеймін. Құрылыс саласы өзіме ұнайды. Басқа ешқандай амбициям жоқ",– деді Роман Скляр.