Олардың 16-сы сот шешімен елден шығарылатын болды
Жамбыл облысында 200-дей Қытай азаматы заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тәртіп сақшылары мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп Жамбыл облысында жұмыс визасынсыз жүрген Қытай азаматтарын ұстады.
"119 шетелдік Сарысу ауданындағы Сода зауытының құрылысына тартылған. Аудандық соттың шешімімен 16 Қытай азаматы елден шығарылатын болды",– деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция басқармасы.
Қалған Қытай азаматтарының құжаттары әлі тексеріліп жатыр.