Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді

Qaz365.kz редакциясы

Гүлдеп тұрған бәйшешектерді Сырдария – Түркістан өңірлік табиғи саябағының аумағынан көруге болады

фото: Тurkystan.kz

Түркістан облысында көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Гүлдеп тұрған бәйшешектерді Сырдария – Түркістан өңірлік табиғи саябағының аумағынан көруге болады. 

Бәйшешек жылы климатқа байланысты бірінші болып Қазақстанның оңтүстік аймақтарында гүлдейді. Елдің солтүстігінде оларды наурыз айының соңынан бастап тамашалауға болады.

Көктемнің жаршысындай болған дала гүлінің бас қылтитуын Қазгидромет мамандары соңғы күндері жиі жаңбыр жауып, күндізгі ауа температурасының 14-15 градусқа дейін жылы болып тұруымен байланыстырған.

Жалпы, өңірде биыл қыс жылдағыдан да жылы. Қар жауғанымен, бірден еріп кетіп жатыр. Ал синоптиктер алдағы демалыс күндері облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болып, жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін екенін ескертті. Қаңтардың 18-19-ында түнде аяз болатыны да болжанған.