Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Qaz365.kz редакциясы

Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады

Ortcom.kz

Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады.

— Облыс халқы атынан қарындасымызға пәтер кілтін табыс етуге рұқсат етіңіздер, – деді Шығыста өткен фестиваль барысында Берік Уәли.

Айшолпан Нұрғайыпқызы сахнаға шыққанға дейін пәтер алатынын білмегенін айтады. 

— Мен үшін үлкен сый болды. Әкімге (ШҚО әкімі Ермек Көшербаев) алғыс білдіреміз, – дейді Айшолпан.

Бүркітшілердің бірі қыран құсын Айшолпанға сыйлады.

Шығыс Қазақстан өңірі Ұлан ауданында “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында теңге ілу, жамбы ату, асау үйрету сынды ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Құсбегілік жағынан айтулы додаға 21 ителгі, 70 бүркіт, 13 қаршыға қатысты. Бұл фестиваль осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр.