Қазақстанда Telegram кеңсесі ашылып, бақылау күшейеді

Nur-Altay Umirzak

Telegram-мен олардың өкілін тағайындап, кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді

ik4.es

Қазақстанда ресми Telegram кеңсесі ашылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл контентке бақылауды арттырудың маңызды қадамы», - деді Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.


Сондай-ақ министр, ведомство заңсыз контентті тез арада жою және деструктивті арналарды бұғаттау үшін Telegram-мен белсенді жұмыс істейтінін айтты.