Павлодар облысында дені сау адамды психоневрологиялық орталықта 16 жыл ұстаған

Nur-Altay Umirzak

Ол бұл орталыққа 2008 жылы сот шешімімен орналастырылған

nnovgorod.sledcom.ru

Өңір тұрғыны 16 жылдан бері психоневрологиялық орталықта еш себепсіз жатқан. Ол бұл орталыққа 2008 жылы сот шешімімен орналастырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бұл адамның мамандандырылған мекеменің қамқорлығына 2008 жылы сот шешімімен орналастырылғаны белгілі болды. Прокуратураның араласуынан кейін ғана мамандар оның денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті, ал орталық қызметкерлері оны назардан тыс қалдырған”, – дейді прокуратурада.

Осыған байланысты құзырлы орган сот-психиатриялық сараптама жүргізіп, азаматты әрекетке қабілетті деп таныды. Психоневрологиялық орталық қамқорлығының күшін жойды.