Жұлдыз Әбдукәрімова сотта тағы жеңіліп, баспанасыз далада қалды

Nur-Altay Umirzak

Мүліктің бағасын және төлем тәсілін көрсету заңнама талаптарына қайшы келмейді - сот

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова құрылыс компаниясының алдауына түсіп, өз үйін қайтару үшін сотқа жүгінгенін айтқан еді.  Бірақ аудандық сотта актриса жеңіліп қалды. Сосын аппеляция берді. Бірақ тағы оның пайдасына шешілмеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соттың мәліметінше, Қайрат Нұртастың әйелі оның төрт бөлмелі пәтерін сатып алу-сату шартын даулап, бұл мәміленің жалған екенін айтып шағым түсірген. Ал шын мәнінде құрылысы аяқталмаған үйге айырбастау екенін айтып, дауласпақ болған.

Сот келісімшарт ерікті түрде жасалғанын анықтап, пәтерді сатып алушылар жауапкершілікке тартылмайды деп шешті.

«Азаматтық кодекстің 160-бабына сәйкес осы Тараптар басқа мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалған мәміле жалған деп танылуы мүмкін. Бұл жағдайда Тараптар өз бастамалары бойынша әр түрлі тараптар арасында екі тәуелсіз мәміле жасаған, біріншісі пәтерді иеліктен шығару туралы, ал екіншісі пәтер сатып алушы оның құнын құрылыс салушыға аудару арқылы төлеген үйді сатып алуға қатысты болған.Тараптардың өзара уағдаластық бойынша мәміле түрлерін айқындауы, оларда мүліктің бағасын және төлем тәсілін көрсету заңнама талаптарына қайшы келмейді және тараптардың ерік білдіруі туралы куәландырады. Қалған құнын төлегеннен кейін талапкердің анасы үйді меншікке алуға құқылы. Кейінгі пәтерді сатып алушылар адал сатып алушылар болып табылады және олар басқа адамдардың әрекеттері үшін жауап беруге тиісті емес», - делінген соттың хабарламасында.