Көпірдің ұзындығы – 155 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 28 метр
Есіл өзенімен өтетін LRT аспалы көпірінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Құрылымның төменгі жағында LRT көлігі өтетін жолағы бар арка түрінде жасалған.
«Жол төсемі темірбетон тақтасы бар арқалық тор түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені үстіндегі қолданыстағы автокөпірдің жанында орналасқан. Бұл жаңа нысанды қала инфрақұрылымына кедергісіз салуға мүмкіндік береді. Құрылым су деңгейінің және аймақтың климаттық жағдайындағы ықтимал өзгерістерге төтеп беру үшін өзеннің ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған», - делінген хабарламада.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, көпірдің ұзындығы – 155 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 28 метр.