Мен оларды тастап кете алмаймын: Түркияда жүрген қазақстандық журналист жан ауыртар жағдайды баяндады

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Әмірболат Құсайын

Қахраманмараш қаласында жүрген журналист Әмірболат Құсайын жан ауыртар жағдайды баяндап берді, деп хабарлайды qaz365.kz.

“Түркиядағы батыр қала – Қахраманмараштың қазіргі келбеті осындай. Барлық жерде осындай үйінді жатыр. Талай адамның тағдырына балта шапқан осындай үйінділер көп. Мына тұрған ғимараттар сау сияқты көрінгенімен, кез келген сәтте қирауы мүмкін. Өте қорқынышты жағдай. Табиғаты тамаша, әдемі жер екен. Бірақ жағдай ауыр. Жаңа ғана ауыр жағдайға тап болдым.  Мына жерде Мұхаммед деген жігіт отыр. Әке-шешесі арғы жақтағы қираған үйдің астына басылып қайтыс болған. Үйіндінің астынан іздеп тауып, осы жерге жерлеген екен. Енді сол жерді қимай, бізбен жүруден бас тартты. Қираған қалалардың саны оннан асады”, – деді ол.

Бұдан бұрын, Түркиядағы ахуал бойынша оқиға орнынан репортажды жариялаған едік. Оның айтуынша, жалпы Түркияда 80 мыңнан астам адам үйінді астында қалуы мүмкін.