Іс Полиция департаменті басшысының бақылауында
Павлодар облысында студент қыз оқушыны соққыға жыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Аталмыш іс Полиция департаментінің бақылауында.
«Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы 16 жасар қызды ұрып-соғу бойынша істі өз бақылауына алды», – дейді ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Павлодар тұрғыны студенттің 16 жасар қызын ұрып-соққанын мәлімдеді. Ол бұл істі полиция департаменті мен прокуратура басшыларының бақылауға алуын сұрап, бейнеүндеу жариялады.
Анасының сөзінше, 5 қазан күні Павлодардағы Инновациялық көпсалалы колледжінің студенті баласына тап беріп, соққыға жыққан. Содан жасөспірім бас сүйек-ми зақымын және көптеген жарақаттар алған. Қазір оқушы қыз ауруханада жатыр.
Полиция әйелдің бейнеүндеуіне бірден жауап беріп, қылмыстық істі тергеу барысын бақылауға алды. Департаменттің баспасөз қызметі қазір сарапшылар оқиға орнындағы бейнематериалдарды зерттеп жатқанын хабарлады.
Тиісті тергеу амалдары жүргізіледі.