Нысандарға бөлінген қаражат қайда жұмсалғаны белгісіз
Жетісуда туристік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Жетісу облысында прокурорлар тексеріс жүргізген. Нәтижесінде Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражат жымқырғанын анықтаған. Дәретханалар орнатылмаған, ал бөлінген қаражат қайда жұмсалғаны белгісіз.
Сарқан ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, іс сотқа дейін жеткен.
Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімге сотталды.
«Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды» делінген Жетісу облысының прокуратурасы хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.