Байқоңыр тұрғындары Украинаға қарсы соғысқа қатыса ма

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Антон Новодережкин / ТАСС

Байқоңыр тұрғындарына Украинадағы соғысқа қатысу үшін ақша ұсынған. Бұл туралы qaz365.kz порталы kaztag.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Байқоңыр әкімдігі басшысының 2023 жылғы 07 ақпандағы № 46 қаулысымен әскерге шақырылған азаматтарға, сонымен қатар, ерікті түрде арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және Байқоңыр қаласында тұратын әскери қызмет өтеуге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленді», - делінген қала прокуратурасының хабарламасында. 

Төлем тәртібіне сәйкес, ерікті түрде соғысқа қатысатын әскери қызметшінің немесе оның өкілінің Байқоңыр әкімдігінің Халықты әлеуметтік қорғау басқармасына біржолғы төлем алу үшін өтініш береді. Өтініш қаралған соң, РФ банктің есепшотына бір реттік төлем аударылды.

«Өтініш түскен күннен бастап 20 жұмыс күннің ішінде төлем жасалады. Бұл қаулы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланып, күшіне енді», - делінген хабарламада.