Жылумен жабдықтау желісінде апат болды
Абай облысы Аягөз ауданында тұрғындар жылусыз қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
16 қазан күні сағат 15:00-де Аягөздегі жылумен жабдықтау желісінде апат болды. Д159 ысырмасы істен шыққан. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Абай облысы әкімдігі ақау сағат 16.00-де толықтай жойылғанын мәлімдеді.
«Қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр. Жалпы, ауданда жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтыру жұмыстары жүргізілуде. Барлық нысан толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Сарандағы үйлер жылусыз қалған еді.