Тұрсынбек Қабатов концерттерінің уақытын аяқасты өзгертті

Qaz365.kz редакциясы

Әзілкеш ауруханаға жатып қалған

Ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты концертті кейінге қалдыратынын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Ассалаумағалейкүм, құрметті көрермендер! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын», - деп жазды ол.

Тұрсынбек Қабатов бұл концерттерді 2025 жылдың ақпан-сәуір аралығына ауыстырды.