Алматыда көпқабатты элиталық тұрғын үй кешені өртеніп жатыр

Nur-Altay Umirzak

Жетінші қабаттағы пәтер өртеніп, өрт үйдің шатырын шарпыған

Видеодан скриншот

Алматыда "Престиж-Алатау" көпқабатты тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала ТЖД мәліметінше, жетінші қабаттағы пәтер өртеніп жатыр, қазіргі уақытта өрт үйдің шатырын шарпыған.

8 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтердегі өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Өрттің ауданы нақтыланып жатыр. Өрттің таралу қаупі жойылды.