44 жастағы жүргізуші «Toyota Rav-4» көлігін басқарып келе жатқан
2024 жылғы 14 қазанда шамамен сағат 11:40-та «Toyota Rav-4» көлігін басқарып келе жатқан 44 жастағы жүргізуші Үржар ауылындағы Гагарин көшесінде 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізгенімен, сол жерде қайтыс болған. Рөлде жергілікті имам болған.
«Осы фактіге байланысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада.