Әр адамға 10 sim-картадан артық қажет емес
Бір адамға 10 sim-картадан артық берілмейді. Бұл туралы цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Еске салсақ, бұдан бұрын министрлік әр адамға берілетін sim-карта санына шектеу қоюды ұсынған еді.
Кеше цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі SIM карталарды eGov арқылы сатуды ұсынды. Бүгін Мәжілістегі брифингте министр Жаслан Мәдиев ведомствоның бастамасына түсініктеме берді.
«Біріншіден, біз SIM картамен шектеу үшін мұндай ұсыныстар берген жоқпыз. Қазір алаяқтар қоңырауларды, мессенджерлерді заңсыз пайдалануын шектеу үшін түзетулер ұсынғымыз келеді», - деді цифрлық даму министрі.
Министрдің сөзінше, шешім әлі қабылданған жоқ. Бірақ Мәдиев әр адамға 10 sim-картадан артық қажет емес деп санайтынын айтты.