Қазақстанға Ислам ипотекасын енгізу жоспары бар
Қазақстанға Ислам ипотекасын енгізу жоспары барын Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Сенат кулуарында Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы пайызсыз ипотека жайлы айтып берді.
«Банктердің ішінде екі исламдық ипотека ашқандар бар. Ислам ипотекасы біздің жоспарымызда бар. Қазір «Пайызды харам» деп Ислам ипотекасын жасағандар бар. «Бізге де осындай өнім жасап беріңіздер» деп салымшылардан көп өтініш түседі. 2025 жылы жоспар бойынша солай жасап береміз деп отырмыз» – деді Отбасы банк төрағасы.