Рысбаев бұл қызметті 11 ай атқарған
Ол қызметтен Президенттің өкімімен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорда.
Рысбаев бұл қызметті 11 ай атқарды. Ол былтыр қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына келген.