Ақтөбеде бала зорлады деген күдікті өзіне қол салды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: ашық дереккөзден

Кәмелет жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген ақтөбелік күдікті тергеу изоляторында суицид жасамақ болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті хабарлады.

«Ақтөбе қаласындағы тергеу изоляторында 16 жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Одан қандай да бір зорлық-зомбылық белгісі тіркелмеді. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды», –  деп мәлімдеді ведомство.