Талғарда тағы да лауазымды тұлға қызметінен босатылды
Ақпаратты Бас прокуратура таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
— Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е.К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды. Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды, — делінген ақпаратта.