Келушілер мейрамханадан шығып үлгерді.
Алматыда Медеу ауданында орналасқан «Чечил» мейрамханасы отқа оранды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қазанда сағат 21:50 шамасында Алматы қаласының Медеу ауданындағы Төлебаев көшесінде орналасқан мейрамхананың шатыры өртенген.
Оқиға орнында жоғары дәрежедегі шақырту белгісімен жеткен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Мейрамхана қонақтары сыртқа өздігімен шығып үлгерген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 27 адам және сегіз техника жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада
Қазіргі уақытта газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Төтенше жағдай орнында 27 құтқарушы мен 8 техника жұмыс істеп жатыр.