Алматы облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін бұл лауазымды Бауыржан Әленов атқарған.

gov.kz

Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президенттің әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды.

Полиция полковнигі Әбікеев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды. Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр нақты тапсырмалар берді.

ІІМ басшысы Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу барысы туралы жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Бұған дейін бұл лауазымды Бауыржан Әленов атқарған. 7 қазанда ол ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.