«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің»: Дана Нұржігіт елден көмек сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Баласы кәмелет жасқа толмаған

Әлеуметтік желі

Танымал журналист Дана Нұржігіт жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатынан кейін әлдекімдер ұлына қоқын-лоққы көрсеткен пікір қалдырғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол  бұл жағдай үшін қатты алаңдаулы әрі көмек сұрайтынын жеткізді.

Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынандай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлым мен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғызбасты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы,міне! Мен көмек сұраймын!, — деп жазды Дана Нұржігіт.

Журналист  бұл пікір кибер-сталкингтің бір көрінісі екенін атап өтті.