Тұрсынбек Қабатовтың әйелі TikTok-та өз киімдерін сатып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Бағаларын 5мың -10 мың теңге аралығында қойып сатқан.

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова TikTok желісінде киімдерін сатылымға шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кинопродюсер Мұқанова TikTok-та тікелей эфирге шығып, киілген киімдерін сатты. Сатылымға қойған киім-кешек арасында балаларының да киімдері бар. Бағаларын 5мың -10 мың теңге аралығында қойып сатқан. Сондай-ақ бірде-бір рет киілмеген киімдер де бар екен.

Әлеуметтік желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованың бұл әрекетін бірі қолдаса, енді бірі «неге тегін бермейсің?» деп сынады.

Еске салсақ, жақында белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты концерттерін кейінге қалдырғанын мәлімдеген еді.
https://qaz365.kz/news/9722-tursynbek-kabatov-kontsertterinin-uakytyn-aiakasty-ozgertti/