Ұлыбританияда Маргарет Тэтчерге Қазақстан атынан табысталған «Достық» ордені аукционға шығарылды

Nur-Altay Umirzak

«Достық» ордені Маргарет Тэтчерге 2001 жылы берілген

Коллаж NT, фото: Flickr/Levan Ramishvili

Ұлыбританияда Маргарет Тэтчердің Қазақстаннан алған «Достық» ордені сатылымға шығарылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Достық» ордені Тэтчерге 2001 жылы берілген Сол жылы 31 тамызда Токиоға лекция оқуға шыққан Тэтчер жолда Алматыға соққан. Назарбаев  сол кезде Тэтчерге елдің кеңестік политбюродан шыққанын, еркін нарықтық экономикаға бағыт алып отырғанын айтқан. Орденнің аукциондағы бастапқы бағасы –12 500 фунт (8 млн теңге).

“Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маргарет Тэтчердің жанкүйері болған, олар 1991 жылы кездесу өткізген”, –делінген аукционға шыққан түсініктемеде.

Айта кетейік, «Достық» ордені 1995 жылы бекітілген. Оны АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, БҰҰ бұрынғы басшысы Пан Ги Мун, Сингапурдың бұрынғы басшысы Ли Куан Ю алған.

Маргарет Тэтчер 1979-1990 жылдар аралығында Ұлыбританая премьер-министрі қызметін атқарған. Тарихта оны «Темір әйел» деп атап кеткен.