Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы бар.
«Жайдарманда» басшылық ауысты. Бұл туралы Есен Елеукеннің өзі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазақстандағы танымал жастар жобасы – Жайдарманда кадрлық өзгерістер орын алды. Жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды. 25 жылдық тарихы бар Жайдарман жобасы бүгінде миллиондаған аудитория жинайтын, жастардың креатив платформаларының біріне айналған», - деп жазды ол.
Есен Елеукен жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдіктігі бар, оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда 10мыңнан астам шара ұйымдастырып үлгергенін хабарлайды. Айта кету керек, бұған дейін жобаның атқарушы директоры Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды.
«Бұл ретте, Жайдарман жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жооспарланғандай 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді. Жанасыл Болатбек - Осыған дейін Жайдарман жобасының бас продюсері қызметін атқарған. Сонымен бірге Atameken Business телеарнасының Digital бөлімін басқарды. Елімізге танымал жобалардың ұйымдастырушысы қызметін атқарды», - дейді Есен Елеукен.