Оқиға болғаннан кейін 4 сағат өткен соң ғана дабыл қағылған
Алматы облысыТалғар қаласынан күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол қыз зорлау бойынша күдікке ілінген. Ер адамды ұстау үшін арнайы «Дабыл» жоспары енгізілген.
Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.
Қылмыстық кодекстің 120-бап, 4-бөлігі бойынша ісі қаралып жатқан күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Абырой болғанда, оны арқаннан уақытылы түсіріп үлгерді. Дегенмен, бүгін түстен кейін ол қашып кетті. Барлық қызметкерлер оны іздеуге кіріскен, Бірақ соңғы мәліметтер бойынша оны табу мүмкін болмай жатыр. Оқиға болғаннан кейін 4 сағат өткен соң ғана дабыл қағылған, – деп жазылды желідегі парақшалардың бірінде.
Дегенмен полиция барлығы бақылауда екенін айтқан.
Қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп хабарлады ведомстводан.