Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған болатын
Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Үкімет отырысында Петропал оқиғасындағы күдіктінің қалыпты мектепте оқуына рұқсат берген мекемені атады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі kazbilim.kz-ке сілтеме жасап.
«Осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды.
Күдіктінің психикалық денсаулығында проблема болған. Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген», — деді Марат Қожаев.
Еске сала кетейік, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған болатын.