Квадробика Қазақстанға жетті - Бұл құбылыстан қандай қауіп бар

Nur-Altay Umirzak

Мысықша мияулап, итше үру тренді елді шошытып отыр

Gorloff-KV/Shutterstock

Қазақстан мегаполистерінде жан-жануардың кейпіне еніп, төрт аяқтап жүгіру трендке айналды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Квадробика деп аталатын құбылыс біздің елге де жетті.  Мұны біреу балалардың қоршаған орта, жан жануарды қорғауға үн қосуы десе, біреулер мұның артында әлдеқандай жыртқыштық ниет жатқан жоқ па деп қауіптенеді” – дейді танымал психолог Александр Рущук.

Астана мен Алматы сынды ірі қалаларда бой көрсеткен субмәдениет елді шошытып отыр.