Зерттеуден 66 мыңнан астам көлік өтті, оның 22 мыңы агрессивті жүргізу түрін көрсетті.
Сергек ITS сарапшылары Алматыда агрессивті жүргізушілер қанша уақыт «ұтып» жүргенін есептеп шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сергек ITS сарапшылары жол бойындағы жолақтардың арасында біріншісінен екіншісіне жиі ауысып, газ бен тежеуішті жылдам басатын жүргізушілердің қанша уақыт ұтатынын анықтады. Интеллектуалды көліктік талдау, мониторинг және көліктік болжау жүйесінің мәліметтері бойынша агрессивті көліктердің "ұтатын" орташа уақыты небәрі 42 секундты құрайды.
Зерттеу Алматыда бір апта бойы әл-Фараби даңғылының шығыс бағыттағы 16,5 км учаскесінде жүргізілді. Агрессивтілік критерийі ретінде келесі параметрлер алынды: жүргізуші бір жолақтан екіншісіне бір реттен көп ауысуы, орташа жылдамдығы 50 км/сағ-тан жоғары және жылдамдықты 65 км/сағ-тан күрт үдетуі.
Талдау жүргізілген аптада аталған учаскеде 66 мыңнан астам көлік өтті, оның 22 мыңы агрессивті жүргізу түрін көрсетті. Бұның 6 мыңы такси жүргізушілері. Сонымен қатар, жалпы көліктердің 23,5% кем дегенде бір рет агрессивті жүргізуші белгісін көрсетіп, ал 9,5% — мұны тұрақты түрде жасаған.
«Агрессивті» жүргізуші мен «қауіпті» жүргізуші сияқты ұғымдарды ажырата білу керек. Қауіпті жүргізушіден айырмашылығы, агрессивті жүргізуші өрескел тәртіп бұзбайды, бірақ оның маневрлері арқылы басқа жол қозғалысына қатысушыларға ыңғайсыздық туғызады, апатқа ұшырау қаупін арттырады. Жүргізушілер бар болғаны 42 секунд үнемдеу үшін өзінің және өзгенің өмірін қатерге тігу керек пе деген сұраққа ойланып көргені жөн», - деп атап өтті компания.
Естеріңізге сала кетейік, Sergek ITS (Intelligent Transportation System) - қазақстандық мамандардың әзірлемесі. Бұл қаладағы кептелістердің себептерін анықтауға, қоғамдық көліктердің тиімді маршруттары мен кестелерін жасауға, қалалық инфрақұрылымды жоспарлауды өзгертуге, сондай-ақ оның себептерін түсінуге мүмкіндік беретін және адамдардың маятниктік көші-қонына сараптама жасайтын талдау, бақылау және көліктік болжамдарға арналған интеллектуалды көлік жүйесі.