Жақында түрмеден шыққан Қайрат Сатыбалдының анасы қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Светлана Назарбаеваның Дубайда екі вилласы бар екенін анықтаған болатын.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбылды Назарбаевтың жұбайы Светлана Назарбаева қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

75 жастағы Светлана Мырзахметқызы біраз жыл ұстаз болып қызмет атқарған, «Дәуір» баспасының директоры қызметін болған.

Ол жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының иесі болған. «Азаттық» радиосы жақында Светлана Назарбаеваның Дубайда екі вилласы бар екенін анықтаған болатын.

Үлкен ұлы – Қайрат Сатыбалды жақында түрмеден шыққан еді. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеген. Кіші ұлы Самат Әбіш те Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары қызметіне дейін көтерілген.