«Жұрттың баласы» ютуб арнасының авторы полицияға жеткізілді

Qaz365.kz редакциясы

Ол референдум алдында көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталуда.

 

 «Жұрттың баласы» ютуб арнасының авторы Мұрат Данияр полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы блогер Мұрат Данияр өзінің инста парақшасында бөлісті.

«Мені референдум алдында жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр», - деді Данияр инстаграм парақшасындағы сторизде.

Танымал блогер АЭС салу туралы референдум алдында көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталуда.

Оның сөзінше оған адвокат келген, олар жағдайды анықтап жатыр.