Алдын ала дерек бойынша мұржа бітеліп қалған.
Жамбыл облысында жылу маусымы басталмай жатып бір отбасы газға уланып қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Журналист Нурадин Рақайдың жазуынша, қайғылы оқиға Жамбыл облысындағы Жарлысу ауылында болған.
«Ауыр қайғы. Жылу маусымы басталмай жатып бүтін бір отбасы газға уланып қаза тапты. 1967 жылғы отағасы, 1975 жылғы жұбайы және 2011 мен 2019 жылғы мектеп оқушылары бар. Алдын ала дерек бойынша мұржа бітеліп қалған. Мұндай жағдай Қызылшаруа ауылында да тіркелді.(Жамбыл ауданы) онда үш адам уланып, екеуі бақилық болған. Бір адам дәрігердердің бақылауында» - деді журналист.
Нурадин Рақайдың айтуынша егер қаза тапқан адам саны 5 ден көп болса, арнайы комиссия құрылады. Онда алты адам. Бірақ тергеп-тексерілмейді. Себебі бесеуі бір жерде болуы керек.