«Менің жеке өмірім»: Вице-премьер журналистке ұрсып тастады

Qaz365.kz редакциясы

Журналист вице-премьерден қызметтегі амбициясы туралы сұрады.

Фото: primeminister.kz

БАҚ өкілдерінен премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринға «премьер-министр боламын деген амбицияңыз бар ма?» деген сауал қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Серік Жұманғарин қызметтегі амбициясы туралы сауалға жауап берді. 

«Мен сіздің сериалы сұрақтарыңызды үзгім келіп тұр. Бұл сауалға жауап бермеймін. Мұныңыз жеке бастың шаруасына қатысты қойылған сұрақ», – дейді премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.

Ал аяқастынан отставкаға кеткен жағдайда қандай іспен шұғылдануын сұрағанда:

«Айналысатын істі тауып аламын. Оны өзім білемін. Бұл – менің жеке өмірім. Немен шұғылданамын, қалай айналысамын, оның сіздерге қатысы жоқ. Болашағымды қалай, кіммен, қайда елестетенімнің сіздерге еш қатысы жоқ», - деді вице-премьер.