2025 жылы зерттелетін жекелеген тауарлар анықталған.
2025 жылға Еуразиялық экономикалық комиссия фармацевтика, косметикалық тауарлар және маркетплейстер нарықтарына монополияға қарсы талдау жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Астанадағы X Еуразиялық монополияға қарсы форумда ЕЭК бәсекелестік министрі Максим Ермолұлы мәлімдеді.
– Біз өзіміз үшін 2025 жылы зерттегіміз келетін жекелеген тауарлардың 17 нарығын анықтадық... Біз халық үшін ең сезімтал нарықтар бойынша талдау жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді ол.