Мектептің түскі асынан құрттар табылды: Алматы облысы әкімдігі түсініктеме берді

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желілерге жалған ақпараттар таратқан

Фото: ашық дереккөзден

Еңбекшіқазақ ауданы Тәшкенсаз ауылындағы Қайыпов және Абдулин атындағы мектеп оқушыларының ата-аналары балаларға мектеп асханаларында берілетін тағамнан құрт табылғанын мәлімдейді,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ата-аналардың айтуынша, мектеп асханалары азық-түлікті тек аудандық білім бөлімінің аға қызметкеріне тиесілі дүкеннен сатып алуға міндеттелген. Бұл олардың пікірінше, балаларға сапасыз тағам ұсынуға апарып соққан.

Асханадан тараған кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.

Бұл жағдайға ата-аналар қатты алаңдаған. Сонымен қатар мәселе әлеуметтік желілерде белсенді талқыланып жатыр.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі аталған бейне биыл 10 қыркүйекте Қайыпов мектебінің асханасында түсірілгенін хабарлады. Мектеп директоры мен комиссия оқушыларға дайындалған тағамдарды, сондай-ақ асхананың тағамдары мен ыдыстарын тексеріп, бейнеде келтірілген фактілер расталмағанын хабарлады. Осы мәселе бойынша тиісті акт жасалды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес білім беру мекемелерінде күн сайын оқушылардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын комиссиялар құрылды. Әр мектептің медбикелері күнделікті асхананың тазалығын, сондай-ақ ыстық тағамдар мен басқа да тағамдардың сапасы мен дәмін тексереді.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімі ай сайын аудан мектептеріндегі асханалардың жұмысын және тамақтану сапасын бақылайтын жұмыс тобын бекітті.

Ташкенсаз ауылындағы Абдуллин атындағы орта мектеп жайлы бейнежазбада көрсетілген фактілер расталмады.

Қазіргі уақытта мектеп асханасын жалға алушы аталмыш жалаға және оның жұмысы туралы  әлеуметтік желілерге жалған ақпараттар таратуға байланысты сотқа жүгінуге материалдар дайындап жатыр.

- Осы бейнежазбаның авторы Еңбекшіқазақ ауданының мектептері туралы бірнеше рет жалған материалдар жариялады, - деді баспасөз қызметі.