Алматы облысының Кеңдала ауылында жаңа қазандық пайдалануға берілді

Qaz365.kz редакциясы

Жақын арада қазандықтар Алтын дән және Ақтас ауылдарында да іске қосылады

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 24 қазанда Алматы облысының Кеңдала ауылында блокты-модульді қазандық пайдалануға берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Құрылыс және монтаж жұмыстары аяқталып, қазандыққа қосылған тұрғын үйлерге жылу беріле бастады. Қазандық газ жүйесіне қосылды, және барлық қажетті құжаттар «QazaqGazAimaq» АҚ арқылы тексеріліп, мақұлданды. Бұл қазандықтың іске қосылуы Кеңдала ауылының тұрғындарын тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етеді”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Аталған жұмыстар аудан көлемінде алдағы уақытта жалғасын таппақ. Алтын дән және Ақтас ауылдарындағы қазандықтар жақын арада өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, қалған ауылдардағы қазандықтарға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.