ҚазАвтожолға бір жылда 20 мыңнан астам шағым түскен

Nur-Altay Umirzak

Соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалған

Сурет: kaztag.kz

ҚазАвтожол саласында жүйелі жемқорлық тәуекелдері анықталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz. 

Ағымдағы жылдың 23 қазанында Агенттік Төрағасы А.Ж. Жұмағалидің басшылығымен жол саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Іс-шараға Көлік министрі М.К. Қарабаев, жоғары аудиторлық Палатаның, Стратегиялық жоспарлау, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің, қаржы, өнеркәсіп және цифрландыру министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік Көлік министрлігімен бірлесіп өткізген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.

  • Соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды, бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда.
  • 2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарының сапасыздығына қатысты 20 мыңнан астам шағым түсті. Жұртшылық мұны жемқорлықпен байланыстырады.
  • Ағымдағы жылдың басынан бері ғана Агенттік осы салада 24 қылмыстық істі тіркеді.
  • Цифрландырудың жеткіліксіздігі проблеманы ушықтырады. Соңғы 10 жылда ақпараттық жүйелерді дамытуға 16 млрд бюджет қаражаты жұмсалды. Дегенмен, жолдардың цифрлық картасы әлі әзірленбеген.


Талдау қорытындысы бойынша Агенттік осы саладағы жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 90-нан астам ұсыныс дайындады. Жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұсынымдарды орындау бойынша жұмыс жалғасуда.