Жылдық шығару қуаты 90 мың бірлік көлік болатын зауыт құрылысы аяқталуға жақын
Қазақстанда жаңа автозауыттар салу үшін өз қаражатымен дайын инвесторлар келуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев айтты.
“KIA автомобиль өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Инвестиция сомасы $200 млн. $150 млн сомасына Geely, Exceed, KAIYI жеңіл автомобильдерін өндіру бойынша жоба іске қосылды”,- деді Қанат Шарлапаев.
CHANGAN, HAVAL, CHERY автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, оның өндірісі толығымен шағын торапты құрастыруға негізделген. Жылдық қуаты – 90 мың бірлік көлік.