2026 жылғы инфляция шегі қандай болады?

Qaz365.kz редакциясы

2025 жылы инфляция 5,5-7,5% дәлізінде қалыптасады

Фото: ашық дереккөзден

Сүлейменов 2026 жылғы инфляция шегі қандай аралықта болатынын болжады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Ұлттық банк болжамы бойынша 2025 жылы инфляция 5,5-7,5% дәлізінде қалыптасады.

«Инфляция біртіндеп төмендеп келеді. Қыркүйектің қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 8,3% болды. Бұл 2023 жылғы ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе төмен. Алайда, бұл көрсеткіш Ұлттық Банктің 5%-тік таргетінен әлі де алыс», –  дейді ол.

Сүлейменовтың айтуынша, инфляцияның баяулау үрдісіндегі маңызды фактор – азық-түлік тауарлары инфляциясының 5% деңгейінде тұрақтануы. Алайда, азық-түлікке жатпайын тауарлар инфляциясының баяулау қарқыны төмендеп, 7,6% құрады. Киім, аяқкиім, жиһаз және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар, көмір, фармацевтикалық өнім, отандық жеңіл автомобильдер мен аудиовизуалды жабдықтар бағасының өсу қарқыны жоғары болып тұр. Ақылы қызметтер инфляциясы өсуін жалғастырып, 13,6%-ті құраған.

«Жалпы, инфляция динамикасы Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Инфляцияның төмендеуі – ұстамды қатаң ақша-кредит саясатына, Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларына байланысты. Осыған орай Ұлттық Банк биыл жыл басынан бері базалық мөлшерлемені төрт рет төмендетті. Яғни, базалық мөлшерлеме 15,75%-тен 150 базистік тармаққа – 14,25%-ке дейін төмендеді. Біздің болжамымыз бойынша, 2025 жылы инфляция 5,5-7,5% дәлізінде қалыптасады. 2026 жылы таргетке жақындап, 5%-тен 7%-ке дейінгі аралықта қалыптасады», - дейді Сүлейменов.