Сарыөзекте сарбазды ұрып өлтірген офицер сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Лейтенант Шәкіров Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды

elements.envato.com

Алматы гарнизонының әскери соты биыл мамырда әскери госпитальге түсіп, ауруханада көз жұмған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты істі Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Н. Жексембиев қарады.

Бұл іс бойынша лейтенант Шәкіров Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды.

Сот Ж.Шәкіровті «Билiктi асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді, - делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2024 жылғы 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Досымжан Сәлімжан қайтыс болған еді.