Испанияда үлкен көлемде су тасқыны болып 95 адам қаза тапты

Nur-Altay Umirzak

Елде үш күндік аза тұту жарияланды

Сурет: Alberto Saiz/AP Photos

Испанияда үлкен көлемде су тасқыны болып, жолдар мен байланыс үзілді, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Соңғы мәліметтер бойынша су тасқыны салдарынан 95 адам қаза тапқан, ондаған адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін.

“Зардап шеккен аудандар «апат аймағы» деп жарияланады”, – делінген Министрлер кеңесінің отырысында. 

Апаттан ең көп зардап шеккен Валенсия автономдық қауымдастығында темір жол желісі тоқтатылып, көптеген көлік жолы жабылған. Өңірде табиғат апатынан 92 адам көз жұмған. 100 мыңнан астам үй электр қуатынсыз қалған.

Испанияда су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Испания билігінің алдын ала берген мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ», — деді ол.