206 мыңға жуық ампула мен таблетканы Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз әкетпек болған

Nur-Altay Umirzak

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Сурет: Shutterstock

Қазақстаннан әсері күшті дәрілердің ірі көлемін заңсыз әкетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарладыБір топ адам сөз байласып, витаминдер түрінде жасырылған, адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттары бар анаболиктер мен стероидтерді АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелтпекші болған.

“206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді. Ұйымдастырушылар ұсталып, сот оларға қатысты «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасын қолданды”, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.