Діни некенің заңды күші бар ма – ведомство жауабы

Qaz365.kz редакциясы

Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс

Фото: ашық дереккөзден

Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді және оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгілі.

«Кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылады. Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. Сожительство, яғни ері мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды», –  дейді Талғат Уәли. 

Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс.